Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Амангелді атындағы орта мектебі» КММ
Қаңтар айында мектеп асханасында бракераж комиссиясының мүшелері тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тамақтануды ұйымдастыру, ас блогының санитарлық жағдайы, азық-түлік өнімдерін сақтау шарттары, тоңазытқыштардың, көкөніс қоймасының және пісіру цехының жағдайы, сондай-ақ қажетті құжаттардың жүргізілуі қаралды. Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Мектеп оқушылары мен ата-аналарға тыйым салынған заттар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға WhatsApp және Facebook әлеуметтік желілері арқылы ақпараттық хабарламалар жолданды. Сонымен қатар, мектепке жақын орналасқан дүкен иелеріне ескертулер жасалды.
Мектеп асханасында оқушыларға ыстық тамақ олардың жас ерекшеліктеріне сай, бекітілген ас мәзірі бойынша беріледі.
Мектеп асханасында білім алушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуын, азық-түлік өнімдерінің сапасын және асхананың санитарлық жағдайын бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында білім алушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылғаны анықталды. Күнделікті берілетін тағамдар бекітілген ас мәзіріне сай дайындалып, белгіленген мөлшерде ұсынылды.
Асханаға жеткізілген азық-түлік өнімдері тиісті ілеспе құжаттарымен қабылданып, жарамдылық мерзімі мен сапасы тексерілді. Азық-түлік өнімдерінің санитарлық талаптарға сәйкестігі сақталған.
Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Асхана бөлмелері таза, желдету және тазалау жұмыстары уақытылы жүргізілген, қызметкерлердің арнайы киім киюі мен жеке гигиена талаптары сақталған.
Жалпы, жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша мектеп асханасында білім алушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы, азық-түлік өнімдерінің сапасы және санитарлық жағдайы талапқа сай деп қорытындыланды.






