Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Амангелді атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

2025–2026 оқу жылының қараша айында бракераж комиссия мүшелері мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және тамақ сапасын бақылау бағытында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізді.
Қараша айының төрт аптасы бойы комиссия мүшелері күнделікті ұсынылатын ыстық тамақтың сапасын, дайындалу технологиясын, ас мәзірінің бекітілген төрт апталық жоспарға сәйкестігін, тағамдардың сыртқы түрі мен дәмдік қасиеттерін тұрақты түрде бақылап отырды. Сонымен қатар азық-түлік өнімдерінің сапасы, жарамдылық мерзімі, ілеспе құжаттарының (сертификаттарының) болуы тексерілді.
Мониторинг барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, асхана қызметкерлерінің арнайы киіммен қамтамасыз етілуіне, ас дайындау және тарату тәртібіне ерекше назар аударылды. Асханадағы тазалық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Қараша айындағы бақылау нәтижесінде оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі белгіленген талаптарға сай екені анықталды. Тағам сапасына байланысты елеулі кемшіліктер тіркелмеді. Анықталған ұсақ ескертулер асхана меңгерушісіне дер кезінде жеткізіліп, жедел түрде түзетілді.
Қорытындылай келе, қараша айында бракераж комиссиясының жұмысы жүйелі жүргізіліп, мектеп асханасында оқушыларды сапалы және қауіпсіз ыстық тамақпен қамтамасыз ету толық деңгейде орындалды.

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ