Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Амангелді атындағы орта мектебі» КММ
26 қаңтар күні 5 "Ә" сынып жетекшісі Г.А.Шоланова жоспарға сай «Заңды білу – өз құқығыңды қорғау» тақырыбында сынып сағатын өтті.
Мақсаты:
Сынып сағаты барысында оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсінік беріліп, құқықтық білімдерін толықтыру, адалдыққа, мейірімділікке, ар-ождан бостандығына тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушыларға топтық жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жағдаяттық тапсырмалар берілді, мақал-мәтелдер жасырып пікірталасты. Оқушылар «Бейбітшілік» және «Заңгерлер» топтарына бөлініп, тапсырмаларды белсенді орындады.
Сынып сағаты жоспарға сай өткізілді және қойылған мақсаттарға жетті. Оқушылар өз құқықтары, мектеп ішіндегі мәдениет туралы білім алды. Сабақ соңында оқушылар белсенді қатысып, берілген сұрақтарға толық жауап берді.
Даналық мектебі жобасы аясында Амангелді атындағы орта мектебінде ауылымыздың ардақты аталарының қатысуымен "Аталар өнегесі-ұрпаққа үлгі" тақырыбында тәрбиеге толы тағылымда кездесу өткізілді. Бұл жобаның мақсаты ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аталардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін жас буынға жеткізіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Аталар өзіне тән ұлттық тақырып бойынша тағылымды әңгіме өрбітті. Айтқазы ата балаларға қазақтың тектілік пен тәрбие нышаны болған қамшы туралы айтып берді. Ол қамшының батылдық пен абыройдың, тәртіп пен тектіліктің символы екенін түсіндіріп өтті. Қайрат ата балаларға қамшы өрудің түрлерін көрсетті.
Сондай-ақ Ниетқали ата баланың ой-өрісін дамытатын, дәлдікті, ептілікті қажет ететін ұлттық мұра асық жайында айтып өтті. Асықтың түрлерін, онымен ойналатын ойындар ойнатылды. Балаларға өте қызықты болды. Жоба барысында балалар аталарға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибеден алынған нақты пайдалы кеңестерін алды.
Жоба барысында балалардың аталарға дайындаған әндері шырқалып, күйлер тартылды. Кеш соңында келген қонақтар балаларға жүректен шыққан тілектері мен ақ баталарын берді. Осындай мазмұнды, тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтардың ұлттық құндылықтарды құрметтеп, жалғастыруына тәрбиелейді.
Сынып жетекшілері:
Г.Бектурсунова Г.Тажитаева
4-сынып оқушылары
«Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру. Сынып сағаты барысында, адалдық туралы пікір алмасу, топтық тапсырмалар мен жағдаяттық сұрақтар ұйымдастырылды. Оқушылар мақал-мәтелдер айтып, өз ойларын еркін жеткізді. Нәтижесінде оқушылар адал еңбектің маңызын түсініп, өз ойларын эссе арқылы әділ қоғам құруға өз үлесін қосуға дайын екендіктерін білдірді.





