Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Амангелді атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Даналық мектебі жобасы аясында Амангелді атындағы орта мектебінде ауылымыздың ардақты аталарының қатысуымен "Аталар өнегесі-ұрпаққа үлгі" тақырыбында тәрбиеге толы тағылымда кездесу өткізілді. Бұл жобаның мақсаты ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аталардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін жас буынға жеткізіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Аталар өзіне тән ұлттық тақырып бойынша тағылымды әңгіме өрбітті. Айтқазы ата балаларға қазақтың тектілік пен тәрбие нышаны болған қамшы туралы айтып берді. Ол қамшының батылдық пен абыройдың, тәртіп пен тектіліктің символы екенін түсіндіріп өтті. Қайрат ата балаларға қамшы өрудің түрлерін көрсетті.
Сондай-ақ Ниетқали ата баланың ой-өрісін дамытатын, дәлдікті, ептілікті қажет ететін ұлттық мұра асық жайында айтып өтті. Асықтың түрлерін, онымен ойналатын ойындар ойнатылды. Балаларға өте қызықты болды. Жоба барысында балалар аталарға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибеден алынған нақты пайдалы кеңестерін алды.
Жоба барысында балалардың аталарға дайындаған әндері шырқалып, күйлер тартылды. Кеш соңында келген қонақтар балаларға жүректен шыққан тілектері мен ақ баталарын берді. Осындай мазмұнды, тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтардың ұлттық құндылықтарды құрметтеп, жалғастыруына тәрбиелейді.
Сынып жетекшілері:
Г.Бектурсунова Г.Тажитаева
4-сынып оқушылары

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ