Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Амангелді атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Мектеп асханасында білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында тамақтандыруды ұйымдастыру және тағам сапасын бақылау бойынша бракераж комиссиясының жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі. Бракераж комиссиясының негізгі міндеті – оқушыларға ұсынылатын тағамдардың санитарлық-гигиеналық талаптарға, бекітілген ас мәзіріне және тағам дайындау технологиясына сәйкестігін бақылау.
Комиссия мүшелері күнделікті дайындалған тағамдардың сыртқы көрінісін, дәмдік сапасын, температуралық режимін, порция көлемін және тағамның сақталу шарттарын тексереді. Сонымен қатар азық-түліктердің сапасы, жарамдылық мерзімі, асханадағы тазалық пен қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады

 

 

2025–2026 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, білім алушыларды сапалы және қауіпсіз ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың қазан айына арналған бір мезгіл ыстық тамақтың төрт апталық ас мәзірі тамақтандыру қызметін көрсетуші "ЖК Аслан 2013" мекемесімен келісіп, мектеп директоры тарапынан бекітілген ас мәзірі.
Аталған ас мәзірі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес құрастырылып, тағамдардың калориясы, құнарлылығы мен балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Ас мәзірінде ет, сүт өнімдері, көкөністер мен дәрумендерге бай тағамдар теңгерімді түрде қамтылған.
Ас мәзірі 4 аптаға жоспарланып, күн сайын ыстық бірінші немесе екінші тағам, гарнир, салат, сусын және нан өнімдері беруді көздейді. Тағамдардың сапасына мектепішілік бракераж комиссиясы тарапынан тұрақты бақылау жүргізіледі.
Осы ас мәзірі 2025 жылдың 1 қазанынан 31 қазанына дейін қолданысқа енгізіледі

 

2025 жылғы қазан айындағы төрт апталық ыстық тамақтың бекітілген мәзірі мен сертификаттарына сәйкес жеткізуші тараптан әкелінген азық-түліктер қабылданып, тексерілді.
Тексеру барысында:
азық-түліктердің сапа сертификаттарының болуы;
жарамдылық мерзімдерінің сақталуы;
таңбалануы мен қаптамасының бүтіндігі;
санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі;
бекітілген мәзір мен жеткізу тізіміне сәйкестігі
толық қаралды.
Тексеру нәтижесі бойынша:
әкелінген азық-түліктер сертификат талаптарына сәйкес келеді;
жарамдылық мерзімдері сақталған;
пайдалануға рұқсат етіледі.
Осыған байланысты, қазан айындағы төрт апталық ыстық тамаққа арналған азық-түліктер қабылданды деп есептеледі.
Осы АКТ екі дана етіп жасалды

 

Бракереж комиссия мүшелері қыркүйек айында мектеп асханасына, ас блогына төмендегі параметрлерлер бойынша тексеріс жүргізді:
Тамақ ішуді ұйымдастыру;
Ас блогы, үй-жағдайының жай-күйі;
Өнімдердің сақтау шараларын сақтау;
Тоңазытқыштар;
Көкөніс цехы;
Пісіру цехы;
Құжаттарды;
Тұрмыстық бөлме

 

 

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ