Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Амангелді атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

2025–2026 оқу жылының қыркүйек айында ас мәзірінің екінші аптасына сәйкес білім алушылардың тамақтануына бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында бекітілген ас мәзіріне сай балаларға ыстық және құнарлы тағамдар ұсынылғаны анықталды. Тағамдар санитарлық талаптарға сәйкес, белгіленген уақытында дайындалып, мөлшері мен құрамы жас ерекшеліктеріне сай болды. Ас мәзірінде бірінші және екінші тағамдар, гарнирлер, көкөніс салаттары, сусындар толық қамтылған.

Балалардың тамақты қабылдауы қанағаттанарлық деңгейде болды, көпшілік оқушылар тағамды толықтай тұтынды. Тағамдардың дәмдік сапасы, температуралық режимі және сыртқы көрінісі талаптарға сай деп бағаланды. Асхананың тазалығы, ыдыстардың санитарлық жағдайы және қызметкерлердің гигиеналық талаптарды сақтауы бақылауға алынды.

Жалпы алғанда, қыркүйек айының екінші аптасындағы ас мәзірі бойынша балалардың тамақтануы ұйымдасқан, қауіпсіз және талапқа сай деңгейде жүргізілді.

 

Бракереж комиссия мүшелері 2025-2026 оқу жылының қыркүйек айында мектеп асханасында білім алушылардың тегін тамақпен қамтылуын, тамақтың сапасына мониторинг жүргізді. Мониторинг қорытындысының талдау мәселесі туралы хаттама.

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ